31 қаңтар 2020 10:13

Теміртауда дүкенде газ баллоны жарылып, бес адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Теміртауда дүкенде газ баллоны жарылып, бес адам зардап шекті, олардың ішінде төрт жасар бала бар, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Теміртауда дүкенде газ баллоны жарылып, бес адам зардап шекті, олардың ішінде төрт жасар бала бар, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, дүкенде өртте қалған сатушыны куәгерлер алып шыққан. Төтенше жағдай түс мезгілінде болған. Сол сәтте тағам алуға кезекте тұрған үш ересек адам мен бір бүлдіршінді от шарпыған. Ауруханаға жеткізілгендердің беті мен аяқ-қолын күйік шалған.

Дәрігерлер қарағаннан кейін төрт жастағы бала үйіне жіберілді. Өрт тез сөндірілгенімен, тілсіз жау көрші тұрған сауда орталығының қабырғасын шарпыған. Ондағылар апат бола сала, ғимараттан қашып шыққан.

"Алғашында гүрс еткен дыбыс естідім, терезеден от жалынды көрдім. Сауда орындағы жарықты өшіріп, далаға қаштық. Жедел жәрдем жақын маңда болды-ау деймін, тез жетті", - дейді тұрғындардың бірі Иван Самойлов.

Телеарна мәліметінше, полиция өрт болған аумақты қоршап, өрт сөндірушілер өртті жылдам өшірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети