Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Тіпті жүксалғышқа отырғызған: тәрбиеші шағын көлікпен 25 баланы тасыған 18 қыркүйек 2023, 09:40

Өзбекстанда Бұхара облысының Гиждуван ауданында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Spark көлігімен 25 баланы тасыған, - деп хабарлайды Massaget.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры видео кадры

Өзбекстанда Бұхара облысының Гиждуван ауданында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Spark көлігімен 25 баланы тасыған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.uz-ға сілтеме жасап.

Бастауыш мектеп жасына дейінгі балалар тіпті жүксалғышта отырған. Әйел полиция қызметкерлеріне балалардың үйі балабақшаға жақын екенін айтып түсіндірген. Сондай-ақ, ол мұндай көп баланы алғаш рет мінгізгенін айтқан.

Оқиғаны хабарлаған департаменттің баспасөз қызметі өкілдері балалардың ата-аналарын оларды балабақшаға апара алмай отыр деп сөкті.

Балаларға қауіп төндірген тәрбиешіге қандай жаза қолданылғаны туралы мәлімет жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram