06 тамыз 2015 23:34

Түркиядағы ірі жол апаты: Автобуста Қазақстанның 7 азаматы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mynet.com © mynet.com

Түркияда ірі жол апатына түскен туристік автобуста Қазақстанның жеті азаматы болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Республикасының Түркиядағы консулдығының өкілдері айтты.


Түркияда ірі жол апатына түскен туристік автобуста Қазақстанның жеті азаматы болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Республикасының Түркиядағы консулдығының өкілдері айтты.

Қазіргі уақытта дипломатиялық ведомствоның қызметкерлері бес қазақстандықпен байланыс орнатты, олар жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алып, ауруханаға түсті. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта тағы екі азамат іздестіріліп жатыр.

Оқиға Астана уақыты бойынша 19.30-да Түркияның оңтүстік батысындағы Денизли қаласында болды. Автобус Памуккаледен Анталияға жүріп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды. РИА Новости басылымының нақтыланған мәліметінше, автобус Ресейдің, Қазақстанның, Литваның және Беларусьтің азаматтарын тасымалдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети