25 сәуір 2022 11:00

Түркістан облысында жаңбыр салдарынан сел жүрді. Желіде видео тарады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Қазығұрт ауданының Facebook-парақшасынан Сурет: Қазығұрт ауданының Facebook-парақшасынан

Қазығұрт ауданында нөсер салдарынан болған жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазығұрт ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазығұрт ауданында нөсер салдарынан болған жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазығұрт ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 24 сәуірде жауын салдарын анықтау үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев бастап, төтенше жағдай және арнайы мекемелер, арнайы техникалар жұмылдырылды. Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округтеріндегі жағдайды қалыпқа келтіру бойынша суды мотопомпа арқылы шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сурет: Қазығұрт ауданының Facebook-парақшасынан

Арнайы төтенше жағдай қызметкерлері Қақпақ ауыл округі Заңғар елді мекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекендерін ретке келтіру бойынша мотопомпа арқылы суды шығарғаны айтылды.

Сурет: Қазығұрт ауданының Facebook-парақшасынан

Шанақ елді мекеніндегі жағдайды қалпына келтіру үшін арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылған. Ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылып, су кірген үйлерден мотопомпа арқылы су шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің Facebook-парақшасында кейбір ауылдардағы мал шығынының көлемі айтылған.

"Сарапхана ауыл округі, Жіңішке елді мекенінде сел өткен. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал шығыны болған. Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығыны болған. Қарабау елді мекенінде 15 үйді су басқан. Қызылқия ауылдық округі Тұғыртас елді мекенінде 1 үйді, Қызылсеңгір елді мекенінде 12 үйді су басқан", - делінген хабарламада.

Аудан әкімі осы жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берген.

Әлеуметтік желіде Қазығұрт ауданындағы жағдайдың видеосы тарап жатыр.

@janarduisenova #😱😱😱😱😱😱😱😱😱 ♬ оригинальный звук - 🖤🖤🖤🖤
@kamilasydykova

♬ оригинальный звук - Kamila Sydykova
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Открывай Шымкент (@open.shymkent)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети