02 тамыз 2021 11:16

Түркістан облысында "коронавирус шашылды" деп видео таратқан тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:stopfake.kz Фото:stopfake.kz

Желіде Түркістан облысында "коронавирус шашылды" деп видео таратқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.


Желіде Түркістан облысында "коронавирус шашылды" деп видео таратқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Видео танымал Telegram-арналардың бірінде жарияланған. Видеоны түсірген тұрғын далада тұрған Ан-2 ұшақтарын көрсетеді және оның жанындағы цистерналарда "коронавирус" бар деп мәлімдейді. Оның айтуынша, "коронавирус ұшақпен шашылған" екен.

Видео авторын Түркістан облысының полициясы ұстаған. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Тұрғын әдейі жалған ақпарат таратқанын мойындап, ол үшін кешірім сұрады.

Ұшақтар Түркістан облысындағы алаңды жалға алатын жергілікті кәсіпкерге тиесілі екені белгілі болды. Ол ұшақтарды тыңайтқыш шашу үшін қолданған.

Видео авторына қатысты ҚР ҚК-ның 247-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша соталды тергеу басталды. Оған 1000 АЕК (2 917 000 теңге) дейін айыппұл, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру немесе түзеу жұмыстарына тарту жазасын тағайындауы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети