26 тамыз 2020 17:21

Ұлттық саябақта өзеннен көлікпен өткен жүргізуші суретке түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/gabitzhumatov © facebook.com/gabitzhumatov

Желі қолданушылары ұлттық саябақта өзенде джиппен жүрген фотоға наразы болды. Ол қазақстандық туристік агенттіктердің бірінің ңжарнамасы болып шықты. Алматы облысындағы Туризм орталығы жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желі қолданушылары ұлттық саябақта өзенде джиппен жүрген фотоға наразы болды. Ол қазақстандық туристік агенттіктердің бірінің ңжарнамасы болып шықты. Алматы облысындағы Туризм орталығы жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото Ғабит Жұматовтың Facebook желісіндегі парақшасында пайда болды. Ер адам Қазақстандағы "жабайы туризмді" тоқтатуға шақырған. Оның айтуынша, бұл табиғатқа зиян. 

"Бұл садистік дағдыдағы жабайы туризм ба? Жанармайды төгіп, өзенді ластап, табиғат ландшафттарын бұзу. Ассы үстіртінде джиптердің жолды бүлдіргенін көрдім. Осындай джип-туристердің саны көбейіп жатыр. Мұны тоқтату керек", - деп жазады қолданушы.  

Алматы облысындағы Туризм орталығының өкілдері сурет Ағынақты деп аталатын өзенде түсірілгенін айтады. Ол Жоңғар-Алатау ұлттық саябағының территориясынан өтеді. Өзеннен джип арқылы өткен туристік компания сурет былтыр түсірілгенін, басқа өтетін жол болмағанын айтқан.  

"Сарқанд ауданында Discover Almaty туристік компаниясының Ағынақты өзенінен өткен джибіне қатысты зерттеу жүргізілді. Полиция департаменті компанияға айыппұл таға алмайды, себебі сурет былтыр түсірілген. Сондай-ақ, ол жаңа бағыт екені анықталды. Жолда көпірден өтетін мүмкіндік болмаған, сонымен қатар, бұл күн сайын малшылар өтетін өзен. Сондықтан көлік жүріп өткен", - дейді Алматы облысы туристік ақпарат орталығының басшысы Мейрамбек Қапасов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети