29 қараша 2023 12:45

Ұлытау облысында 223 миллион теңгені талан-таражға салу дерегі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ұлытау облысының прокуратурасы 223 миллион теңге сомасына бюджет қаражатын талан-таражға салу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Ұлытау облысының прокуратурасы 223 миллион теңге сомасына бюджет қаражатын талан-таражға салу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (ТКШ бөлімі) қызметін тексерген.

"Тексеру нәтижесі бойынша Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу дерегі анықталды.

Атап айтқанда, 2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын жоғары бағамен қабылдаған, бұл 223 миллион теңгеден аса мөлшерде бюджет қаражатын негізсіз артық төлеуге әкелген", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша соталды іс жүргізуді бастап, оны тергеп-тексеру Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылған.

"Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет тергеу мүддесінде жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети