20 қазан 2021 15:02

Үндістанда 40-тан аса адам су тасқыны мен көшкіннің құрбаны болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Үндістанда су тасқыны мен қатты көшкін салдарынан 40-тан аса адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Reuters" сайтына сілтеме жасап.


Үндістанда су тасқыны мен қатты көшкін салдарынан 40-тан аса адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Reuters" сайтына сілтеме жасап.

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында 46 адам қайтыс болды, 11 адам жоғалып кетті. Сенбіде су тасқыны басталған Оңтүстік Керала штатында қаза тапқандар саны 39-ға жетті.

Зардап шеккен аудандарда түсірілген фотосуреттер мен видеоларда су басқан жолдар мен ауылдар көрінеді.

"Су тасқынына байланысты көп мөлшерде шығын келді, дақылдарға зиян келді. Жергілікті тұрғындар көп проблемаға тап болды, жолдарды су басқан, көпірлерді су шайған. Мүмкіндігінше, жағдайды тезірек қалыпқа келтіруге тырысамыз", - деді Уттаракхандтың бас министрі Пушкар Сингх Дхами.

Штат билігі мектептердің жабылғанын хабарлады және діни, туристік қызметке тыйым салды.

Үндістанның метеорологиялық басқармасы қауіпті ауа райын ескертіп, қатты нөсер болуы мүмкін екенін хабарлады.

Бұған дейін Қытайдың Солтүстік Шаньси провинциясында қатты жауған нөсер жаңбыр мен су тасқынынан 15 адам қайтыс болып, үшеуі хабар-ошарсыз кеткені және 120 мыңнан астам адам эвакуацияланғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети