01 ақпан 2017 09:25

Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері 33 жастағы Бауыржан Рафиков қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұровқа сілтеме жасап.


Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері 33 жастағы Бауыржан Рафиков қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұровқа сілтеме жасап.

Нұровтың айтуынша, қайғылы оқиға 31 қаңтарда "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде болған. "Біздің қызметкерлер жұмыс күнінен кейін жертөледе болды. Бірде олардың біреуінің жағдайы нашарлап кетті. Содан қасындағы қызметкерлер жедел штабта кезекші болған медициналық қызметкерді шақырды. Ол алғашқы жәрдем көрсетті. Реанимобильді де шақырттық, ол 7 минуттан соң келді", - деді Нұров.

Оның айтуынша, қызметкерге 40 минут бойы реанимациялық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, ол еш нәтижесін бермеді. "Оқиға орнына ІІД қызметкерлері, прокуратурадағылар, Алматы қаласының басшылығы келді. Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкеріміздің өліміне жүрек жетіспеушілігі себеп болды", - деді ол.

Сондай-ақ, Нұров қайтыс болған ер адамның Дирекцияда бір айға таяу жұмыс істегенін айтты. "Не дегенмен біз оны командамыздың мүшесі деп санаймыз. Қызметкерімізді жерлеу рәсіміне қажетті шығынды мойнымызға аламыз. Оның артында егде жастағы анасы, әйелі және екі баласы қалды", - деді Наиль Нұров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети