10 сәуір 2014 18:23

Үстіне шифер құлаған оқушыға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinewstv.kz ©Тengrinewstv.kz

Талдықорғанда дауыл кезінде шифер сынығы тиіп, жарақат алған оқушының ата-анасы қалалық ішкі істер басқармасына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорғанда дауыл кезінде шифер сынығы тиіп, жарақат алған оқушының ата-анасы қалалық ішкі істер басқармасына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен баланың ата-анасы мектеп әкімшілігіне қатысты шара қолдануды сұрап отыр. "Бұл шағым бойынша тиісті шаралар қолға алынып жатыр, Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тергеуалды тексеріс жүргізуде. Бірнеше сараптама тағайындау қажет, соның ішінде, дене жарақаттары бойынша. Қазір мектепте соңғы рет жөндеудің қашан жүргізілгені, қандай ұйым жөндеу жасағаны анықталып жатыр. Мектеп әкімшілігі тергеуге жәрдемдесіп отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тергеуалды тексерістің нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі. Еске салайық, бұл оқиға 8 сәуір күні болған. Ауладағы дене шынықтыру сабағы кезінде 4-сынып оқушысының үстіне шатыр материалының сынығы құлаған. 10 жастағы Нұрдәулет Алпыс ауруханаға жатқызылды, оған хирургтердің көмегі көрсетілді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети