Зымыран құлаған жердегі алапат өрт түсірілген видео пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жердегі алапат өрт түсірілген видеп пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, өртті сөндіру кезінде бір адамның күйік шалып, қаза тапқаны, тағы бір адамның ауыр жағдайда ауруханаға түскені белгілі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жердегі алапат өрт түсірілген видеп пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, өртті сөндіру кезінде бір адамның күйік шалып, қаза тапқаны, тағы бір адамның ауыр жағдайда ауруханаға түскені белгілі. 

Өрт шалған аумақ 10 мың гектарға жеткен. Қарағанды облыстық ТЖД өкілдері зымыран тасығышы ұшырылған кезде қандай отын түрі қолданылғанын нақтылады. 

"Ұшырылған зымыран тасығышы керосин қолданған. Анықтама: "Союз" зымыран тасығышы керосин отынымен ұшады, ал "Протон" зымыран тасығыны гептилмен ұшады", - деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!


Видеоны Жезқазған тұрғыны Берік Жағыпаров жолдады

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіндегілер қаза тапқан ер адамның Ресейдің өрт сөндіру ұйымының жұмысшысы екенін хабарлаған. "Ол жерде адамдар болған жоқ. Күтпеген жағдай болып, бір адам қаза тапты. Ол өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Өрт сөндірілді. Адам өліміне қатысты тергеумен министрлік ресейлік тараппен бірге айналысатын болады. Себебі қаза тапқан жұмысшы Ресейдің өрт сөндіру ұйымының жұмысшысы болып саналады", - деді баспасөз қызметіндегілер. Адам өлімі дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 14 маусымда кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар тарай бастады. Хабарламада қирандыда гептил (адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат) бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі және балаларды көшеге шығармау туралы ескерту жасалды. Алайда кейін ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов қирандыда гептил жоқ екенін және мұның нақты мәлімет екенін мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer