14 наурыз 2019 17:42

11 метрлік айып добын сәтсіз орындаған футболшы "тарихта қалды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thetimes.co.uk © thetimes.co.uk

"Суонси Сити" шабуылшысы Берсант Целина Championship (Англияның екінші дивизионы) 37-ші турында "Вест Бромвичке" қарсы ойында пенальтиді сәтсіз орындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Суонси Сити" шабуылшысы Берсант Целина Championship (Англияның екінші дивизионы) 37-ші турында "Вест Бромвичке" қарсы ойында пенальтиді сәтсіз орындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлеуметтік желіде қолданушылар бұл пенальтиді "тарихтағы ең нашар" деп атап кетті.

Тайм соңында "Суонси" футболшылары 11 метрден соққы жасау мүмкіндігін алған. Пенальтиді Целина тебетін болды. Жүгіріп келіп допқа таяғанда футболшы тайып, аяғы дұрыс тимей қалды. Осылайша, қисық кеткен допты қорғаушы алаңнан шығарып жіберді.

Кездесу 3:0 есебімен "Вест Бромвичтің" жеңісімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети