15 қаңтар 2015 08:47

Африканың футболшы қызы жынысын дәлелдеу үшін шешінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Женовева Аньонму. ©Zeit.de Женовева Аньонму. ©Zeit.de

Экваторлық Гвинея футбол құрамасының шабуылшысы Женовева Аньонма өз жынысын дәлелдеу үшін шешінуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды BBC Sport.


Экваторлық Гвинея футбол құрамасының шабуылшысы Женовева Аньонма өз жынысын дәлелдеу үшін шешінуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды BBC Sport.

Оқиға 2008 жылы болған. Аньонманың айтуынша, Африка футбол конфедерациясының басшылығы Аньонманың нәзік жандылар қатарынан екеніне күмәнданыпты. Себебі ол әр кезде қауқарлы әрі қуатты ойын өрнегін көрсеткен. Бірақ ол ешқашан гендерлік тесттен өтпеген, тек киімін шешуге мәжбүр болған. "Менің көңілім қатты түсті, жыладым", - дейді футболшы.   

Lenta.ru басылымы 27 жастағы Женовева Аньонманың Экваторлық Гвинея құрамасында 2002 жылдан бастап ойнап келе жатқанын жазады. Ол құрама сапында 32 ойын ойнап, 18 гол соққан. Клуб деңгейінде Аньонма немістің Постдам қаласының "Турбине" клубында ойнайды. 2011/12 маусымында шабуылшы қыз 22 доп соғып, Германияның әйелдер арасындағы чемпионатында бомбардир атанған. Бұдан кейін ол Африканың 2012 жылғы үздік футболшысы атағын жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети