10 желтоқсан 2020 10:01

"Алтын доп" иегері Паоло Росси қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиялық бұрынғы шабуылшы әлем чемпионы және 1982 жылғы "Алтын доп" иегері 65 жастағы Паоло Росси қайтыс болды, - деп хабарлайды Gazzetta dello Sport газеті.


Италиялық бұрынғы шабуылшы әлем чемпионы және 1982 жылғы "Алтын доп" иегері 65 жастағы Паоло Росси қайтыс болды, - деп хабарлайды Gazzetta dello Sport газеті.

Дереккөз мәліметінше, танымал футболшы өкпенінің қатерлі ісігінен көз жұмған.

Италиялық БАҚ-тың мәліметінше, 1982 жылы Италия құрамасының сапында ойнаған Росси әлем чемпионы, турнирдің үздік бомбардирі атанған. Топтық кезеңде ол Бразилиямен өткен матчта хет-трик жасап (3:2), ал финалдық кездесуде ГФР командасының қақпасына гол соққан (3:1).

Сонымен қатар, 1982 жылы Росси "Алтын допты" алып, әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды. Италиялық спортшы World Soccer нұсқасы бойынша XX ғасырдың ең ұлы футболшылар тізіміне кіреді.

Ол Италия құрамасы сапында 48 матч өткізіп, 20 гол соққан. "Ювентус", "Комо", "Виценца", "Перуджа", "Милан" және "Верона"клубтарында ойнаған.

"Ювентус" сапында Росси екі рет Италия чемпионы атанып, Еуропа чемпиондар кубогын жеңіп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети