26 қыркүйек 2016 15:35

Аршавин қазақстандық блогердің басын тақырлап беретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Аршавин ©"Қайрат" ФК Андрей Аршавин ©"Қайрат" ФК

"Қайрат" ФК футболшысы Андрей Аршавин қазақстандық блогер және "Наш Футбол.kz" жобасының авторы Петр Воликовтың басын тақырлап беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қайрат" ФК футболшысы Андрей Аршавин қазақстандық блогер және "Наш Футбол.kz" жобасының авторы Петр Воликовтың басын тақырлап беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маусымның басында Воликов "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы сегіз гол соғатын болса, шашын тықырлап алатынына уәде берген. Аршавин өзінің сегізінші голын таяуда өткен "Ақтөбе" және "Қайрат" ойынында соққан болатын. Осы гол ойында жалғыз соғылған доп болды.

Аршавин оның уәдесіне кешіктірмей видеожазба арқылы жауап берді:

"Петр, сәлеметсіз бе?! Маусымның басында егер мен сегіз гол соғар болсам шашыңызды түбімен қырып тастауға уәде бергенсіз. Бүгін міне сегіз гол соғылды. Бұл сіз үшін қуаныш па әлде күйініш пе білмеймін. Сондықтан орынды өзіңіз таңдаңыз. Мен өзім келіп сіздің шашыңызды алып беруге дайынмын", - деді футболшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети