25 шілде 2016 10:02

Аршавин тамаша гол соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com/PFLK TV © Youtube.com/PFLK TV

Алматылық "Қайрат" клубының ойыншысы, Ресей құрама командасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин Қазақстан премьер-лигасының 22-ші турында "Тараз" футбол командасының қақпасына тамаша гол соқты. Айта кетейік, кездесу Алматыдағы Орталық стадионда 24 шілдеде өтіп, ойын 3:1 есебімен "Қайрат" футбол командасының жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесуде "Қайрат" командасынан Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин мен Жерар Гоу гол соқса, "Тараз" командасынан Дәуренбек Тәжімбетов көзге түсті.

Алғашқы таймның соңында Аршавин керемет гол соқты. Ресейлік шабуылшы пас алып, екі қорғаушыны алдап өтіп, ал кейіннен қақпашы Александр Григоренкодан айласын асырды. "Тамаша!", - деді матчтың комментаторы. Айта кетейік, бұл Аршавиннің осы маусымда соққан алтыншы голы.

Осылайша "Қайрат" футбол командасы футболдан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 14-ші рет жеңіске жетіп отыр. Айта кетейік, 46 ұпайды жинаған алматылықтар екінші орында тұр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети