22 шілде 2015 22:26

"Астана" ФК Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Словенияның "Марибор" командасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" - "Марибор" кездесуінің сәті. ©Vesti.kz "Астана" - "Марибор" кездесуінің сәті. ©Vesti.kz

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы іріктеу кезеңінде Словенияның "Марибор" командасын қарымта кездесуде 3:1 есебімен жеңді, матч "Астана Арена" стадионында өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz


"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы іріктеу кезеңінде Словенияның "Марибор" командасын қарымта кездесуде 3:1 есебімен жеңді, матч "Астана Арена" стадионында өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Есепті Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Жолшиев ойынның 12-ші минутында ашты. Бұл "Астана" футболшыларының Чемпиондар лигасындағы бірінші голы болды. Қонақтар 39-шы минутта есепті теңестірді. "Астана" қақпашысы Владимир Логиновскийдің қателігінен кейін "Марибор" қорғаушысы Александер Райчевич допты қақпаға дәл бағыттады. "Астана" командасы ойынның 43-ші минутында Рохер Каньястың дәл жасаған соққысынан кейін алға шықты. Ал 58-ші минутта Патрик Твумаси үшінші голды соқты.

"Астана" - "Марибор" матчы жайлы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

"Астана" - "Марибор" кездесуінің ең қызықты сәттері мен голдардың видеосы:

Еске салайық, командалар арасындағы бірінші ойын 15 шілдеде өтті және ол словендердің қысқа есеп айырмасымен аяқталды (1:0). Енді "Астана" футбол командасы финдердің "ХИК" клубымен кездеседі. Айта кетейік, Финляндияның командасы Латвияның "Вентспилс" командасын екі кездесуде де ұтқан болатын (3:1, 1:0).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети