28 қазан 2018 10:36

"Астана" футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: fcastana.kz Сурет: fcastana.kz

"Астана" футбол клубы бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып, қазақ футболы тарихында жаңа
жетістік шыңын бағындырды. Осыған дейін бірде-бір команда бес жыл қатарынан топ жармаған, - деп
хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Футболдан 2018 жылғы маусым жеңімпазы атанған команда ХХХІ турда анықталды. Алматыда
"Қайрат" "Ертіске" есе жібергеннен (0:1) кейін, елордалық команда ертерек чемпиондық атаққа қол
жеткізді.

"Астана" 71 ұпаймен ел чемпиондығы атағына ие болды. "Қайратта" 61 ұпай бар. Кейінгі 3 ойында да
жеңіске жеткенмен алматылық команданың ұпайы чемпион атануға жеткіліксіз.

Еурокубок ойындарында ел абыройын асырып жүрген елордалық команда 2014 жылдан бері чемпион
атанып келеді. Жеңімпаз болған жүлделер саны бойынша "Ертіс" жəне "Ақтөбемен" теңесті.
"Қайрат" төртінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети