"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді", - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді", - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ойын 22 тамызда "Астана Аренада" өтіп, 4:3 есебімен аяқталды.
Есеп бірінші таймның ортасында ашылды. 26-шы минутта "Селтик" қорғаушысы Кристофер Айер Дмитрий Шомконың соққысын қайтарамын деп, допты өз қақпасына соғып алды.
Өкінішке қарай, 34-ші минутта қонақтар командасының хавбегі Скотт Синклер есепті теңестіріп кетті.
Үзілісте "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов хорват Марин Томасовтың орнына Абзал Бейсебековті шығарған. Бұл сәтті қадам болды. 48-ші минутта Серікжан Мұжықов "Астананы" алға шығарды.
49-шы минутта ганалық форвард Патрик Твумаси "Селтик" қақпасына үшінші допты салып кетті.
Ал 69-шы минутта сол Твумаси дубль жасады.
"Астана" бесінші голды да сала алар еді, алайда бірнеше мүмкіндікті қалт жіберіп алды. 81-ші минутта жарақат алған Бейсебековке жәрдем көрсетіліп жатқанда "Селтик" бұл басымдықты сәтті пайдаланып, қарымта шабуыл жасады. Бұл жолы Оливер Нчам көзге түсті.
Шотландиялықтар 90-шы минутта да гол соғып кетті - Ли Гриффитс отандық команданың қақпасынан саңылау тапты.
Бұдан кейін де "Астана" бірнеше мүмкіндікті қалт жіберді.
Еске салайық, Глазгода өткен бірінші ойында "Селтик" 5:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтик" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып отыр, ал "Астана" Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.