22 тамыз 2017 23:34

"Астана" шотландиялық "Селтик" қақпасына төрт гол соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді", - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді", - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойын 22 тамызда "Астана Аренада" өтіп, 4:3 есебімен аяқталды. 

Есеп бірінші таймның ортасында ашылды. 26-шы минутта "Селтик" қорғаушысы Кристофер Айер Дмитрий Шомконың соққысын қайтарамын деп, допты өз қақпасына соғып алды.

Өкінішке қарай, 34-ші минутта қонақтар командасының хавбегі Скотт Синклер есепті теңестіріп кетті. 

Үзілісте "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов хорват Марин Томасовтың орнына Абзал Бейсебековті шығарған. Бұл сәтті қадам болды. 48-ші минутта Серікжан Мұжықов "Астананы" алға шығарды.

49-шы минутта ганалық форвард Патрик Твумаси "Селтик" қақпасына үшінші допты салып кетті.

Ал 69-шы минутта сол Твумаси дубль жасады. 

"Астана" бесінші голды да сала алар еді, алайда бірнеше мүмкіндікті қалт жіберіп алды. 81-ші минутта жарақат алған Бейсебековке жәрдем көрсетіліп жатқанда "Селтик" бұл басымдықты сәтті пайдаланып, қарымта шабуыл жасады. Бұл жолы Оливер Нчам көзге түсті.

Шотландиялықтар 90-шы минутта да гол соғып кетті - Ли Гриффитс отандық команданың қақпасынан саңылау тапты.

Бұдан кейін де "Астана" бірнеше мүмкіндікті қалт жіберді. 

Еске салайық, Глазгода өткен бірінші ойында "Селтик" 5:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтик" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып отыр, ал "Астана" Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде өнер көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети