05 қараша 2017 17:28

"Астана" төртінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан ел премьер-лигасы аяқталды. Соңғы турда "Астана" өз алаңында Оралдың "Ақжайық" командасын ұтып, ел чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан ел премьер-лигасы аяқталды. Соңғы турда "Астана" өз алаңында Оралдың "Ақжайық" командасын ұтып, ел чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Елордалық команда аса маңызды ойында "Ақжайықтан" 2:0 есебімен басым түсті. Командаға жеңіс сыйлаған, чемпиондық атақты сыйлаған екі голды да Джуниор Кабананга соқты. 51 минутта және қосымша уақытта оралдық команданың қақпашысын қапы қалдырды. Нәтижесінде "Астана" төртінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып отыр.

Чемпиондық атақтан соңғы турға дейін үміт үзбеген "Қайрат" Алматыда "Ақтөбені" 3:2 есебімен ұтты. Алайда "Астанадан" 1 ұпай кем қалып, биыл да күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ел чемпионатының қола жүлдегері атанған "Ордабасы" соңғы турды өз алаңында өткізіп, Көкшетаудың "Оқжетпес" командасын 3:2 есебімен ұтты. Аса тартысты өткен кездесуде шымкенттік команда сапынан Иорданов хет-трик авторы атанды.

Премьер-лигадан шығып қалған "Тараз" соңғы турда өз алаңында Қызылорданың "Қайсар" командасынан ұтылды. Қонақтарға жеңіс сыйлаған голды Дмитрий Евситигнеев соқты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети