04 қазан 2019 14:06

"Астананың" дәрменсіздігіне таңдандым". Сербиялық маман қазақстандық футболшылардың ойыны жайлы айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz. Жігер Әбенов © Vesti.kz. Жігер Әбенов

Cербиялық белгілі SrbijaDanas.com порталының журналисті Михайло Тркуля Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында "Астанамен" матчтегі "Партизан" командасының жеңісін Еуропа лигасы тобындағы өте маңызды болғанын айтады.

Қазақстан астанасында өткен ойын 1:2 есебімен "Партизан" пайдасына аяқталды.

"Қазақстан астанасына сапар - барлық команда үшін ауыр, тіпті грандтар үшін де. Жолымыз болды. "Партизан" матч бойы мықты ойнады. Екінші тайм соңы ғана қиындау болды. Мен "Астананың" дәрменсіздігіне таңдандым. Мұндай әлсіз ойын күткен жоқпын. Қазақстандықтар өз алаңында кез келгенді ұтуға дайын жүреді, бірақ, "Партизанмен" ойыда құлықсыз еді. Шабуылға шыққанымен мақсатсыз ойнады. Қалай дегенмен, бұл "Партизанның" топтық кезеңдегі бірінші жеңісі. Ол психологиялық және стратегиялық тұрғыда өте маңызды. Біз өте қиын топқа түстік. Қызық алда", - дейді Тркуля.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети