Әйгілі футболшы Диего Марадона қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Диего Марадона Диего Марадона

Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкері Диего Марадона қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аргентиналық Clarin басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкері Диего Марадона қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аргентиналық Clarin басылымына сілтеме жасап.

Атақты футболшы 60 жаста еді. Марадона 25 қарашада, сәрсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.000-да) Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі - инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Айта кетейік, қараша айының басында Марадона миына қан кетіп, ауруханаға жатқызылған, 11 қарашада ол үйіне жіберілген. Ал бүгін БАҚ-тарда аргентиналықтың жүрек талмасы ұстап, ауруханаға ауыр халде жеткізілгені хабарланған.

Фото: championat.com

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Аргентина президенті Альберто Фернандес футбол жұлдызы Диего Марадонаның қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жариялады. Аза тұту сәрсенбіден бастап жарияланады. Елде ойын-сауық шаралары тоқтатылды, тулар төмен түсірілді. Телеэфирде спортшының өмірі, мансабы және оның жеңістері туралы бағдарламалар көрсетіледі.

Диего Марадона - 1960 жылы 30 қазанда Буэнос-Айресте дүниеге келген. Аргентина футбол тарихындағы қайталанбас ең зор футболшы. Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан (1982, 1986, 1990, 1994).

1986 жылы Әлем Чемпионы және 1990 жылы вице-чемпион атанды. 1979 және 1980 жылдары Оңтүстік Американың Жыл Футболшысы атaғын алды. Марадонаның сүйікті "Бока Хуниорс" клубы да осы жылдары чемпион болды. Кейін "Наполи" клубында екі дүркін Италия чемпиондығын алып берді. Кейін бапкерлікпен айналысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro