18 желтоқсан 2019 17:38

Әзербайжанда келісілген ойындар үшін 25 футболшы шеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжанның футбол федерациялары қауымдастығы (АФФА) елдегі алты клубтан 25 ойыншыны келісілген ойындар өткізгені үшін футболға қатысты кез келген қызметтен шеттетті. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қауымдастықтың тәртіптік комитеті мұндай шешімді Әзербайжанның бірінші дивизионындағы ("Агсу", "Туран-Товуз", "Зира") және аймақтық лига командаларының ("Успех", "Агсу-Сити", "Альянс") күмәнді ойындарды тергеуден кейін қабылдады. Сонымен бірге, қауымдастық УЕФА есептерін есепке алды. Осылайша, 25 футболшы мен клубтардың үш функционері жазаға тартылды.

Шеттелген 17 ойыншы "Агсу" сапынан. Сонымен қатар, бұл клубтың атқарушы директоры, бапкер мен клуб қызметкері де жазаланды. Жазаға тартылған тағы жеті ойышы "Туран-Товуз" командасынан. Ал "Успех", "Агсу-Сити" және "Альянс" клубтарының бір-бір мүшесі шеттелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети