22 мамыр 2022 08:52

Белгілі қазақстандық футболшы Сергей Гороховодацкий қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

73 жасында танымал футболшы әрі бапкер, Қазақстан футболының аңызы Сергей Гороховодацкий дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


73 жасында танымал футболшы әрі бапкер, Қазақстан футболының аңызы Сергей Гороховодацкий дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресейдің Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында дүниеге келген ойыншы "Уралмаш", "Ертісі" және "Нефтянник" командаларында ойнап, 1973 жылы Өскеменнің "Восток" командасына ауысады. Сол сәттен бастап оның тағдыры мен мансабы Қазақстанмен байланысты болып, танымал ойыншы әрі мықты бапкерге айналды.

Сонымен қатар, алматылық "Қайрат" пен Семейдің "Спартак" командасында ойнады.

Бапкерлік қызметінде қызылжарлық "Авангард", семейлік "Спартак", елордалық "Жеңіс", қарағандылық "Шахтер", қызылордалық "Қайсар" және Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" командасын жаттықтырды. 2000 жылы елордалық командаға алғаш рет Қазақстан чемпионы атағын алып берді.

Гороховодацкий Қазақстанның олимпиадалық құрамасын (1995/96), жастар құрамасын (2009) және ұлттық құрамасын (1998) жаттықтырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети