Бразилиядағы ӘЧ-2014-тің алғашқы ойынында алаң иелері жеңіске жетеді - букмекерлер

12 Маусым 2014, 19:16
0

Футболдан Әлем Чемпионатының бірінші матчында алаң иелері жеңіске жетуі мүмкін, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты Vesti.kz порталына сілтеме жасап. "Олимп" букмерлік кеңсесінің хабарлауынша, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің футболшылары ықыласқа бөленіп үлгерген.  ӘЧ-2014-тің бірінші ойынының жеңіс коэффициенті 1,31-ге тең. Ал, қарсылас хорваттардың коэффициенттік көрсеткіші 10,56-ны құрап отыр.

Есеп тепе-тең болады дегендердің коэффициентті 5,38-ді құраған. Естеріңізге саламыз, екі мемлекеттің аяқдоп шеберлерінің сайысы бүгін Астана уақытымен 02,00-де басталады. Ойын Сан-Паулудағы "Арена Коринтианс" стандионында өтеді. Ойынды "Қазақстан" және "KazSport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. ӘЧ-2014-тің барлық ойындарын осы арналардан көре аласыздар. 

Сондай-ақ, ӘЧ-2014-тің ашылу салтанаты маусымның 12-сінен 13-іне қараған түні Астана уақытымен 00.15-те көрсетіледі. Ал, әлемдік доданың жабылу салтанатын "Қазақстан", "Еуразия" арналары арқылы шілде айының 13-інен 14-іне қараған түні Астана уақытымен 01.00-де тамашалауға болады. Бразилиядағы әлемдік доданы көру үшін елімізден 200 қазақстандық аттанып барады. Осы мақсатта олардың визасы қысқа мерзімде ретке келтіріліп жатыр. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай