Чехия Қазақстанға қарсы ойында тең нәтижені місе тұтады - сарапшы

13 Қазан 2014, 20:14
0
Чехия Қазақстанға қарсы ойында тең нәтижені місе тұтады - сарапшы - ©Youtube.com
©Youtube.com

Ресейдің танымал футбол комментаторы Константин Генич Еуро-2016 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Чехия арасындағы ойын туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Маман Еуро-2016 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойын тең нәтижемен аяқталады деп есептейді. "Чехиямен ойында қазақстандықтар агрессиялық ойын көрсетуге тырысады. Бірақ іріктеу турниріндегі алғашқы екі ойынында чехтар күтпеген жеңіске жеткенін ескерсек, сырт ойында оларға тең ойынды да місе тұтады деп болжауға болады. Бұл матчтан көп гол күтпеймін. Түріктер қорғаныста бейберекет ойнап, чехтарға қауіпті сәттер ұйымдастыруға мүмкіндік беріп қойды. Бұл жағынан Қазақстан сенімді ойнайды деп ойлаймын. Нәтижелі ойын болады деуге негіз жоқ", - дейді комментатор.

Геничтің Қазақстан мен Нидерланды құрамаларының арасында өткен ойын туралы пікірін мына жерден оқи аласыздар. Еске сала кетейік, Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі матчта қазақстандықтар 1:3 есебімен жеңілген болатын, бірақ бірінші таймда құрама бір гол айырмасымен жеңіп тұрған. Еуро-2016 чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан - Чехия матчы 13 қазан күні Астана қаласында өтеді. Ойын 22.00-де басталады, оны KazSport және "Қазақстан" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай