Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Чемпиондар лигасы: "Ақтөбе" "Стяуамен" кездесе ме?

18 Шілде 2014, 18:03
0
Фото uefa.com сайтынан
Фото uefa.com сайтынан
Фото uefa.com сайтынан
Фото uefa.com сайтынан

Осыдан бірер минут бұрын Ньонда УЕФА чемпиондары лигасының үшінші електік кезеңінің жеребесі тартылды. Яғни "Ақтөбе" келесі кезеңге шықса, қай клубпен кездесетіндігін білдік, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ньонда тартылған жеребе бойынша "Ақтөбе" – "Динамо" (Тбилиси) жұбы "Стремсгодсет" – "Стяуа" жұбына түсті. Бұл дегеніміз, УЕФА чемпиондары лигасының үшінші електік кезеңінде осы екі жұптың жеңімпаздары кездеседі.

Өздеріңіз білесіздер, "Ақтөбе" Тбилисиде "Динамоны" 1:0 есебімен жеңген болатын. Енді, өз алаңында осы басымдығынан айырылып қалмас деген үміттеміз.

Ал Румыния және Норвегия чемпиондары арасындағы бірінші ойын да тура осындай есеппен аяқталыпты. Нақтырақ айтқанда, "Стяуа" түзде, яғни Драмменде өткен бірінші матчта 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Енді шежіресі мол Румыния клубының өз алаңында Норвегия чемпионынан басым түсетіндігіне күмән келтірмейміз...

Бірақ біздің әлден "Стяуа" туралы ойлауымыз әбестік болар. Әуелі "Ақтөбеге" Грузия чемпионынан өту керек. Өз алаңында жеңіліп қалған "Динамо" (Тбилиси) клубының ашулы да, ызалы екені айтпаса да түсінікті...

Жалпы, бүгінгі жеребе төмендегідей болып түсті (Үшінші електік кезеңінің ойындары 29/30 шілде және 5/6 тамыз күндеріне белгіленген):

Азулы клубтар жолы:

АЕЛ (CYP) – "Зенит" (RUS)
"Днепр" (UKR) – "Копенгаген" (DEN)
"Фейеноорд" (NED) – "Бешикташ" (TUR)
"Грасcхопперс" (SUI) – "Лилль" (FRA)
"Стандард" (BEL) – "Панатинаикос" (GRE)

Чемпиондар жолы:

"Валлетта" (MLT) / "Карабах" (AZE) – "Зальцбург" (AUT)
"Клифтонвилл" (NIR) / "Дебрецен" (HUN) – БАТЭ (BLR) / "Скендербеу" (ALB)
"Слован" Братислава (SVK) / "ТНС" (WAL) – "Шериф" (MDA) / "Сутьеска" (MNE)
"Ольборг" (DEN) – "Динамо" Загреб (CRO) / "Жальгирис" (LTU)
"Легия" (POL) / "Сент-Патрикс" (IRL) – КР "Рейкьявик" (ISL) / "Селтик" (SCO)
"Динамо" Тбилиси (GEO) / "Ақтөбе" (KAZ) – "Стремсгодсет" (NOR) / "Стяуа" (ROU)
"Зриньски" (BIH) / "Марибор" (SVN) – "Маккаби" Тель-Авив (ISR) / "Санта-Колома"(AND)
"Работнички" (MKD) / ХИК (FIN) – АПОЕЛ (CYP)
"Спарта" Прага (CZE) / "Левадия" (EST) – "Мальме" (SWE) / "Вентспилс" (LVA)
"Лудогорец" (BUL) / "Дюделанж" (LUX) – "Партизан" (SRB) / "Торсхавн" (FRO)


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай