12 желтоқсан 2019 09:51

Чемпиондар лигасы: Плэй-офф кезеңіне өткендер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 желтоқсанға қараған түні Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы алты матчы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


12 желтоқсанға қараған түні Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы алты матчы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

А тобында франциялық ПСЖ түркиялық "Галатасарайды" 5:0 есебімен тас-талқан етті. Париждіктер сапынан 32-минутта Мауро Икарди, 35-минутта Пабло Сарабия, 46-да - Неймар, на 63-те - Килиан Мбаппе гол соқты, ал 84-минутта Эдинсон Кавани пенальтиден көзге түсті. 

Бұл топтың екінші матчында бельгиялық "Брюгге" испаниялық "Реалдан" жеңілді - 1:3. 53-минутта қанжығасын майлаған Родрингоның голына алаң иелері бір минуттан соң Ханс Ванакеннің дәл соққысымен жауап қатты. Бірақ қонақтар кейін жауапсыз екі гол тоғытты: 64-минутта Винисиус Жуниор мен 91-минутта Лука Модрич көзге түсті. 

Күннің орталық матчы Мюнхенде өтті, "Бавария" В тобы аясында "Тоттенхэмді" қабылдап, 3:1 есебімен жеңді. Неміс клубы сапынан Кингсли Коман (14-минутта), Томас Мюллер (45), Фелипе Коутиньо (64) гол соқты. Ал ағылшындардан 20-минутта Райан Сессеньон қанжығасын майлады. 

Бұл топтың басқа матчында "Олимпиакос" өз алаңында сербиялық "Црвена Звезданы" жеңді - 1:0. Грекиялық клуб жалғыз голды 87-минутта соқты - Юссеф Эль-Араби пенальтиден мүлт кетпеді. 

С тобында загребтік "Динамо" "Манчестер Ситиге" ірі есеппен жол берді - 1:4. 10-минутта Дани Ольмо хорваттарды алға шығарған, бірақ Англия чемпионы Габриэль Жезустің (34-ші, 50-ші және 54-ші минутта) хет-тригі мен Фил Фоденнің (84) голымен жауап қатты. 

Донецкілік "Шахтер" плэй-офф сарапқа салынған матчта италиялық "Аталантадан" ірі есеппен жеңілді - 0:3. 66-минутта украиналық клуб Тимоти Кастаньнен гол жіберді. Кейін 80-минутта Марио Пашалич, 94-минутта Робин Госенс өз командасының басымдығын ұлғайтты. Айта кетерлік жайт, 77-минутта "кеншілер" сапынан Додо алаңнан қуылған болатын. 

D тобында "Атлетико" мәскеулік "Локомотивті" 2:0 есебімен қапы қалдырды. Испаниялық клубтан 17-минутта Жоау Феликс пенальтиден гол соқты, ал 54-минутта Фелипе есепті ұлғайтты. Матчтың екінші минутында ресейліктердің қақпашысы Антон Конченков Кевин Трипьердің 11 метрден жасаған соққысын кері қайтарған болатын.

Топтың екінші матчында германиялық "Байер" "Ювентуске" 0:2 есебімен жол берді. Италия чемпионы сапында Пауло Дибала екі нәтижелі пастың авторы атанды: 75-минутта ол Криштиану Роналдудың гол соғуына көмектессе, 92-минутта Гонсало Игуаинге дәл пас берді. 

Осылайша, Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне бірінші орынмен ПСЖ, "Бавария", "Манчестер Сити", "Ювентус", "Ливерпуль", "Барселона", "РБ Лейпциг" және "Валенсия" шықты, ал екінші орынмен өткендер - "Реал", "Тоттенхэм", "Аталанта", "Атлетико", "Наполи", "Боруссия" Дортмунд, "Лион" және "Челси".

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі 16 желтоқсанда УЕФА-ның швейцариялық Ньондағы штаб-пәтерінде өтеді. Ал матчтар келесі жылы ақпан мен наурызда болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети