07 сәуір 2021 09:31

Чемпиондар лигасының 1/4 финалы: "Реал" мен "Ман Сити" жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/realmadrid© Фото: twitter.com/realmadrid©

Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчтары өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчтары өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридтегі "Альфредо ди Стефано" стадионындағы кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Реал Мадрид" сапында Винисиус Джуниор дубль жасады (27 және 65-минутта), тағы бір голды Марко Асенсио (36) соқты. "Ливерпуль" Мохамед Салахтың (51) голымен жауап қатты.

"Біз "Реалға" қиындық туғызатындай деңгейде футбол ойнай алмадық. Біз олар үшін матчты тым жеңіл қылдық. Қателер болуы мүмкін. Біз бұдан көп нәрсеге лайық болмадық, бірақ біздің ойынымыздағы бір гол мен екінші тайм жаман емес", - деді ағылшын командасының бас бапкері Юрген Клопп.

Манчестердегі "Этихад" стадионында өткен матчта "Манчестер Сити" дортмундық "Боруссияны" 2:1 есебімен жеңді. "Қалалықтар" сапында Кевин Де Брюйне (19) мен Фил Фоден (90) көзге түсті. Дортмундтықтар сапында Марко Ройс (84) қанжығасын майлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети