19 наурыз 2021 09:34

Дидье Дешам Қазақстандағы ойынның ауыр тұстарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дидье Дешам. Фото: sport365.fr© Дидье Дешам. Фото: sport365.fr©

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі алдағы ойындар туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі алдағы ойындар туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз матчтан матчқа ауысып отырамыз. Украинаға қарсы кездесуге ойыншылардың 70 пайызы қатысады. Әрі қарай, бізді Қазақстандағы матч күтіп тұр, бұл - ұзақ сапар, синтетикалық алаң... Біз бірінші ойынға көңіл бөлеміз, ешқандай қиындық болмайды деп үміттенемін", - деді бапкер.

Бұған дейін футболдан Франция құрамасы Қазақстанға қарсы ойынға шақырту алған құрамын жариялаған.

  • қақпашылар: Альфонс Ареоля, Уго Льорис, Майк Меньян, Стив Манданда;
  • қорғаушылар: Люка Динь, Лео Дюбуа, Люка Эрнандес, Преснель Кимпембе, Клеман Лангле, Ферлан Менди, Бенжамен Павар, Рафаэль Варан, Курт Зума;
  • жартылай қорғаушылар: Нголо Канте, Танги Ндомбеле, Поль Погба, Мусса Сиссоко, Адриен Рабьо;
  • шабуылшылар: Виссам Бен Йеддер, Кингсли Коман, Усман Дембеле, Оливье Жиру, Антуан Гризманн, Тома Лемар, Антони Марсьяль, Килиан Мбаппе.
     
    Ал Қазақстан құрамасы мынадай:
  • Қақпашылар: Александр Мокин ("Тобыл"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Мұхамеджан Сейсен ("Тараз").
  • Қорғаушылар: Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Абзал Бейсебеков ("Астана"), Темірлан Ерланов ("Ордабасы"), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (бәрі - "Тобыл"), Олжас Керімжанов ("Тұран"), Нұралы Әліп ("Қайрат"), Ян Вороговский ("Беерсхот", Бельгия), Тимур Рудосельский ("Лори Ванадзор", Армения), Дмитрий Шомко ("Ротор", Ресей), Тимур Досмағамбетов ("Ордабасы").
  • Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев (бәрі де - "Тобыл"), Рамазан Оразов ("Чайка", Ресей), Айбол Әбікен, Данияр Үсенов (екеуі де - "Қайрат"), Владислав Васильев ("Энергетик-БГУ", Беларусь), Еркебулан Тұңғышбаев, Эльхан Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Максим Федин, Максим Самородов (екеуі де - "Ақтөбе").
  • Шабуылшылар: Абат Аймбетов ("Крылья Советов", Ресей), Рамазан Кәрімов ("Каспий").

Қазақстан құрамасының ӘЧ-2022 іріктеу турниріндегі кестесі: 

28.03.2021 Қазақстан - Франция;
31.03.2021 Украина - Қазақстан;
01.09.2021 Қазақстан- Украина;
04.09.2021 Финляндия - Қазақстан;
07.09.2021 Босния және Герцеговина - Қазақстан;
09.10.2021 Қазақстан- Босния және Герцеговина;
12.10.2021 Қазақстан- Финляндия;
13.11.2021 Франция - Қазақстан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети