04 ақпан 2019 10:48

Эмилиано Сала ұшқан ұшақтың қайда құлағаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/emilianosala9 © instagram/emilianosala9

21 қаңтарда жоғалып кеткен бірмоторлы жеңіл ұшақ Ла-Манш бұғазының түбінен табылған. Ұшақта "Кардифф Сити" аргентиналық футболшысы Эмилиано Сала болған, - деп хабарлайды Sky News телеарнасы. 


21 қаңтарда жоғалып кеткен бірмоторлы жеңіл ұшақ Ла-Манш бұғазының түбінен табылған. Ұшақта "Кардифф Сити" аргентиналық футболшысы Эмилиано Сала болған, - деп хабарлайды Sky News телеарнасы. 

Әуе аппаратын 3 ақпанда заманауи гидролокатор арқылы тапқан. Ұшақтың бөлшектері Гернси аралынан 24 мильде табылған. Шабуылшының отбасына ұшақтың табылғаны туралы хабарланды. 


© dailymail

21 қаңтарда Франциядағы Нанта қаласынан Кардифке (Уэльс) ұшып шыққан жеңіл моторлы Piper Malibu ұшағы сейсенбіде радарлардан жоғалып кеткен болатын. Болжаммен ұшақ бортында екі адам болған, оның бірі - Сала, екіншісі - Ибботсон. Құтқарушылар барлық шараны жасағаннан кейін іздестіру жұмыстарын тоқтатқан еді.

Еске салайық, жоғалған ұшақта болған "Кардифф" футболшысының соңғы аудиохабарламасы жарияланды


Эмилиано Сала және ұшқыш Дэвид Ибботсон. © Sky News

Айта кетейік, іздеу шараларын қаражат жинастырылғаннан кейін қайта бастады. Ұшақты іздеу шарасы үшін "Пари Сен-Жермен" сұрмергені Килиан Мбаппе және "Марсель" жартылай қорғаушысы Дмитри Пайет ақша аударды. Жиналған қаражат 290 мыңнан асып түсті. 

Құтқарушылардың айтуынша, Сала мен ұшқышты аман-есен құтқару мүмкіндігі қалмаған. Тергеушілердің айтуынша, ұшақ суға құлаған. 

Times газетінің мәліметінше, ұшақты 59 жастағы Дэвид Ибботсон басқарған. Ол газ инженері болған. Ибботсонның жеке ұшқыш лицензиясы болған, яғни ол өздігінен ұша алатын, алайда жолаушыларды тасымалдауға құқығы болмаған

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети