25 қаңтар 2019 16:48

"Кардифф" футболшысы лицензиясы жоқ ұшқышпен ұшқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ла-Манш аймағында жоғалып кеткен ұшақтың ұшқышы коммерциялық жолаушыларды тасымалдауға лицензиясы болмағаны анықталды. Сол ұшақта "Кардифф Сити" футболшысы Эмилиано Сала болған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ла-Манш аймағында жоғалып кеткен ұшақтың ұшқышы коммерциялық жолаушыларды тасымалдауға лицензиясы болмағаны анықталды. Сол ұшақта "Кардифф Сити" футболшысы Эмилиано Сала болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Times газетінің мәліметінше, ұшақты 59 жастағы Дэвид Ибботсон басқарған. Ол газ инженері болған. Ибботсонның жеке ұшқыш лицензиясы болған, яғни ол өздігінен ұша алатын, алайда жолаушыларды тасымалдауға құқығы болмаған. 

"Біз осы рейске қатысты барлық мән-жайды тексеріп жатырмыз, оның ішінде лицензия да бар. Тергеу барысында оның жеке не коммерциялық екенін анықтайтын боламыз", - деді Әуе апаты тергеу бөлімінің өкілі. 

Француздық Нанта қаласынан Кардифке (Уэльс) ұшып шыққан жеңіл моторлы Piper Malibu ұшағы сейсенбіде радарлардан жоғалып кеткен. Болжаммен ұшақ бортында екі адам болған, оның бірі Сала, екіншісі Ибботсон. 

Құтқарушылар барлық шараларды жасағаннан кейін, іздеу шараларын тоқтатты. 

Еске салайық, жоғалған ұшақта болған "Кардифф" футболшысының соңғы аудиохабарламасы жарияланды. 

28 жастағы аргентиналық шабуылшы Эмилиано Сала "Нантадан" КардиффСитиге" 20,5 миллион еуроға ауысқан еді. 21 қаңтарда ол жеке ұшақпен Уэльске ұшып шыққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети