16 шілде 2018 09:19

"Эмоционалды президенттер". Мемлекет басшылары финалдық кездесуді қалай тамашалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович мен Франция президенті Эммануэль Макрон Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович мен Франция президенті Эммануэль Макрон

Франция құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігін жеңіспен аяқтады. Олар финалда хорваттарды 4:2 есебімен жеңді. Ойын Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтті. Осы ойынды финалға шыққан екі ел президенті мен басқа да әлемдік лидерлер болды. 


Франция құрамасы 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігін жеңіспен аяқтады. Олар финалда хорваттарды 4:2 есебімен жеңді. Ойын Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтті. Осы ойынды финалға шыққан екі ел президенті мен басқа да әлемдік лидерлер болды. 

Ойынның бірінші кезеңі аяқталғанда 2:1 есебімен француздар алда тұрды, екінші кезеңде ойыншылар тағы үш гол салды. 

Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасын автогол салды. Алайда оның әріптесі Иван Перишич 28-ші минутта есепті теңестірді. Француз сұрмергені Антуан Гризманн 38-ші минутта есепті еселеді. Поль Погба 59-шы минутта есепті 3:1-ге жеткізсе, алты минуттан соң Киллиан Мбаппе алыстан Хорваттар қақпасынан саңылау таба білді. Марио Манджукич ойынның 69-шы минутында есепті бір ұпайға қысқартты.


Франция президенті Эммануэль Макрон мен Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович футболдан әлем біріншілігің финалында


Владимир Путин ФИФА президенті Джанни Инфантиномен финалдық кездесуді тамашалады. 


Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович

Француздар осымен екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр. Хорватия құрамасы тұңғыш рет финалға шығып отыр. Ойынды тамашалау үшін "Лужники" стадионына 72 мың адам жиналған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети