29 маусым 2021 09:22

EURO-2020: екі ойында 14 гол соғылды, Франция турнирмен қоштасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Футболдан Еуропа чемпионаты плэй-офф кезеңіндегі кезекті екі матчте 14 гол соғылып, сенсация тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Еуропа чемпионаты плэй-офф кезеңіндегі кезекті екі матчте 14 гол соғылып, сенсация тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1/8 финалдағы Хорватия мен Испания матчі Копенгагендегі "Паркен" стадионында өтті. Бұл матчте испандар 5:3 есебімен жеңді. 

20-минутта испаниялық қақпашы Унаи Симон пасты қабылдай алмай, допты өз қақпасына жіберіп алды. 38-минутта Пабло Сарабия гол соғып, таразы басы теңесті. 

57-минутта испан қорғаушысы Сесар Аспиликуэта өз командасын алға шығарды. Кейін Испания құрамасы үшінші голын салды - 77-минутта Феррар Торрес көзге түсті. 

Ал ойын соңына қарай хорваттар есепті теңестіре алды, 85-минутта Милас Оршич гол соқса, бірнеше минуттан соң Марио Пашалич ойынды овертаймға ауыстырды. 

Бірақ қосымша уақытта Альваро Мората мен Микель Оярсабаль гол салып, Испания 5:3 есебімен жеңді. 


© Reuters

Ал Бухаресттегі "Националь" стадионында әлем чемпионы Франция мен Швейцария кездесті. Бұл ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. 

15-минутта швейцариялықтар Харис Сеферовичтің көмегімен есеп ашты. 55-минутта Швейцария есепті еселейтін мүмкіндікті мүлт жіберді - Рикардо Родригес пенальтиден гол соға алмады.

Бірнеше минуттан соң француздар есепте алды болды. Кәрім Бензема екі минутта екі гол соқты. 75-минутта Франция үшінші голын салды: Поль Погба алыстан дәл соққы жасады.

Ойынның соңына қарай швейцариялықтар екі гол соқты: 81-минутта Сеферович дубль авторы атанса, 90-минутта Гавранович таразы басын теңестірді.

Овертаймда командалар есепті өзгерте алмай, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл тұста швейцариялықтар барлық голын салды, ал шешуші соққы жасаған Килиан Мбаппе мүлт кетті.  

Енді Еуропа чемпионатының ширек финалында Испания мен Швейцария кездеседі. Ойын 2 шілдеде өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети