23 маусым 2014 18:19

Еуропа лигасында ойнайтын клубтарымыздың қарсыласы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа лигасының бірінші айналымында кездесетін жұптар. Сурет:ru.uefa.com Еуропа лигасының бірінші айналымында кездесетін жұптар. Сурет:ru.uefa.com

Бүгін Ньонда футболдан Еуропа лигасының алғашқы електік сатысының жеребесі тартылып, бұл сында ел намысын қорғайтын еліміздің "Шахтер", "Астана", "Қайрат" клубтары өз қарсыластарын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Ньонда футболдан Еуропа лигасының алғашқы електік сатысының жеребесі тартылып, бұл сында ел намысын қорғайтын еліміздің "Шахтер", "Астана", "Қайрат" клубтары өз қарсыластарын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еуропа лигасының бірінші айналымында жиырма жұп сынға түседі. Бұл сында өнер көрсететін біздің үш бірдей командамыз да турнирді бірінші айналымнан бастайды.

Былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен қарағандылық "Шахтер" турнирдің бірінші айналымында армениялық "Ширак" клубымен кездесетін болды. Бұл клубтар арасындағы алғашқы кездесу 3 шілде күні Гюмри қаласында өтсе, қарымта кездесу 10 шілде күні Қазақстанда өтеді. 

Қолдағы бар мәліметтер бойынша, "Ширак" - Арменияның ең азулы клубтарының бірі. Бұл ұжым төрт рет ел біріншілішігің чемпиондары (1992, 1994, 1999, 2012/2013), төрт дүркін Армения суперкубогының жеңімпазы (1996, 1999, 2003, 2013) екен. 

Алматылық "Қайрат" клубы бірінші айналымында албаниялық "Кукеси" клубымен жолығады. Бұл командалардың арасындағы алғашқы ойын 3 шілде күні Алматының Орталық стадионында өтсе, жауапты кездесу 10 шілде күні Кукес қаласында өтеді деп жоспарлануда. 

Еуропа лигасында өнер көрсететін клубтарымыздың ішінде "Қайраттың" қарсыласы ең осалы. "Кукеси" клубы 1930 жылы құрылған екен. Бірақ, осы уақытқа дейін ішкі біріншілікте бірде-бір мәрте топ жармаған.  

Ал, жеребенің қорытындысы бойынша елордалық "Астана"  ұжымы да армениялық клубпен кездесетін болды. Григорий Бабаян баптайын астаналық команда келесі кезеңге шығу үшін еревандық "Пюник" клубымен таласатын болады. Бұл клубтар арасындағы алғашқы матч 3 шілде күні Ереванда өтсе, қарымта кездесу 10 шілде күні елордамыздағы "Астана-Аренада" өтеді.  

"Пюник" Арменияның ең мықты клубы десек болады. Өйткені Ереван қаласының клубы ішкі біріншілікті 10 рет, Армения Кубогын 6 рет, Арменияның суперкубогын 7 рет жеңіп алған. Сондықтан да алдағы ойын "Астана" клубының ойыншылары үшін оңайға соқпайтыны бесенеден белгілі.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети