13 қыркүйек 2021 09:32

Феминистер Роналдуға қарсы акция өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Metro Фото: © Metro

Level Up феминистік ұйымы "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдуға қарсы акция өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.


Level Up феминистік ұйымы "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдуға қарсы акция өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

"Олд Траффорд" стадионында өткен Англия чемпионатының "Ньюкасл Юнайтедке" қарсы төртінші турының кездесуі кезінде модель Кэтрин Майоргиді қолдау үшін аренаның үстінен ұшақпен баннер ұшып өтті.

Осылайша феминистер Роналдуды 2009 жылы зорлады деп айыптаған қыздың ісіне назар аударғысы келді.

2018 жылы Майорга Португалия құрамасының шабуылшысын зорлады деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған. Модель футболшының өкілдері оған ақпаратты жарияламауы үшін 375 мың доллар төлегенін айтты.

2020 жылдың қазанында қыз қайта сот ісін ашпақ болды. Ол 2010 жылы ақпарат жарияламау туралы келісімшартты түсіне алмағанын айтты.

Ал Роналду оқиғаны үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети