09 сәуір 2014 22:28

Футбол додасы енді қызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында бесінші турдың ойындары аяқталып, көшбасшы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Қазақстан премьер-лигасында бесінші турдың ойындары аяқталып, көшбасшы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бесінші турда "Ақтөбенің" айдарынан жел есті. Биылғы маусымда нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрген, жігерлі "Жетісуды" қабылдап, жеңіске жетті. Жалғыз голды Бразилия тумасы, Армения құрамасының шабуылшысы Маркос Пиззелли соқты. "Ақтөбе" осы жеңісінің арқасында бірінші орынға шықты.

"Шахтер" де ақтөбеліктер сияқты енді екпін алып келеді. Бұл турда кеншілер клубы да биылғы маусымды өте жоғары қарқында бастаған, өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүрген "Атырау" клубын қабылдады. Екінші таймда екі гол соғып, үш ұпай еншіледі. Әрі көшбасшылар қатарына қосылды.

Бесінші турға дейін көш бастаған "Астана" Алматыда "Қайратпен" ұпай бөлісті. Міне, бес тур өтті, елорда клубының қақпасына әлі бірде-бір гол соғылған жоқ. "Қайрат" та Логиновский қорғаған қақпаның құлпын аша алмады. Бірақ "Қайрат" биылғы маусымда бірінше рет Алматыда ұтылған жоқ.

"Ертіс" өз алаңында "Ордабасы" клубының қақпасына екі гол тоғытты. Ал "Тобыл" Қызылордадан келген қонақтарын ұта алмай, бір ұпайды қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Көш соңындағы екі команда кездесіп, "Тараз" өз алаңында "Спартактың" қақпасына екі гол соғып, биылғы маусымдағы алғашы жеңісіне қол жеткізді.

Сонымен, осы турдан кейін "Ақтөбе" 11 ұпаймен бірінші орынға шықты. Тура осынша ұпайы бар "Астана" - екінші орында. "Шахтер" 10 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. "Жетісу", "Атырау" және "Ертіс" сегіз ұпаймен 4-6 орындарды бөлісіп тұр. "Ордабасы" алты ұпаймен 7-орынға ығысты. "Қайсар" мен "Тобыл" әлі жұптарын жазар емес, бес ұпаймен әлі сол 8-9 орындарда тұр. "Қайрат" пен "Тараз" төрт ұпаймен 10-11 орындардан жылжыр емес. Ал "Спартак" жалқы ұпайымен соңғы орынды меншіктеп алды.

Премьер-лига. V тур.

 "Ақтөбе" – "Жетісу" (Талдықорған) – 1:0
Гол:
Пиззелли, 74.
Алаңнан қуылды: Заречный, 82 ("Ж")

"Шахтёр" (Қарағанды) – "Атырау" – 2:0
Голдар: Одибе, 57-автогол, Порываев, 90.

"Ертіс" (Павлодар) – "Ордабасы" (Шымкент) – 2:0
Голдар: Бурзанович, 13. Бурзанович, 17.

"Тобыл" (Қостанай) – "Қайсар" (Қызылорда) – 1:1
Голдар: Струков, 28 (0:1). Шимкович, 50 (1:1).

"Тараз" – "Спартак" (Семей) – 2:0
Гол: Скорых, 58. Щеткин, 71.

"Қайрат" (Алматы) – "Астана" – 0:0
Алаңнан қуылғандар: Плиев, 89. Едигарян, 89 (екеуі де – "Қайрат").

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети