17 сәуір 2015 09:39

Футболдан әлем чемпионаты 2026 жылы Қазақстанда өтпейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Fifa.com @Fifa.com

Халықаралық футбол федерациясының Президенті Йозеф Блаттер футболдан әлем чемпионаты 2026 жылы Африка елдерінің бірінде болатынын айтты, - деп хабарлады Vesti.kz басылымы "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап.


Халықаралық футбол федерациясының Президенті Йозеф Блаттер футболдан әлем чемпионаты 2026 жылы Африка елдерінің бірінде болатынын айтты, - деп хабарлады Vesti.kz басылымы "Р-Спорт" агенттігіне сілтеме жасап.

"2026 жылы әлем чемпионаты Африкада өтеді", - деді Блаттер.

Айта кетейік, 2015 жылдың наурыз айында ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге жыл бойы өтініштер қабылданатыны белгілі болды. Жеңімпаз кампания 2017жылы мамырда ФИФА конгресінде белгілі болады. Әлемдік чемпионатты өткізуге Қытай, Мексика, Канада мен Қазақстан өтініш білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстанның 2026 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын. "Қазір еліміздің басшыларынан кеңес алып, өз мүмкіндіктерімізді саралап жатырмыз. Экономикамыз қарқынды өсіп, еліміз дамып келеді, сондықтан неге өткізбеске? Біз 2022 жылғы Қысқы олимпиаданы өткізгіміз келеді, одан кейінгі жоспарда - ӘЧ-2026 үшін күресу", - деп мәлімдеді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети