06 қараша 2014 20:49

Футболдан ел чемпионатының жүлдегерлері жексенбіде анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pfl.kz сайтынан Фото pfl.kz сайтынан

Алдағы жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында соңғы турдың ойындары өтеді. Чемпион белгілі, енді күміс және қола жүлдегерлер анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алдағы жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында соңғы турдың ойындары өтеді. Чемпион белгілі, енді күміс және қола жүлдегерлер анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Астана" клубы қарашаның бірінші күні "Қайсарды " ойсырата жеңіп, бір тур бұрын ел чемпионы атанған. Ал соңғы турда "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарының қайсысы күміс жүлдеге ие болып, қайсысы қоланы қанағат тұтатынты белгілі болады. Әзірше "Қайраттың" 38 ұпайы, ал "Ақтөбенің" 37 ұпайы бар. Екеуінің арасын бір ұпай ғана бөліп тұр.

Ал 9 қараша (жексенбі) күні соңғы, ХХХІІ турда додаға түсетін командалар жұптары төмендегідей:
"Ордабасы" – "Ақтөбе"
"Қайрат" – "Астана"
"Қайсар" – "Шахтер"
"Тараз" – "Спартак"
"Атырау" – "Тобыл"
"Жетісу" – "Ертіс"

Ал келесі жылғы ел біріншілігі тура биылғыдай үлгіде өтеді. Жақында Астанада өткен ҚФФ Атқару комитетінің отырысында 2015 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының жүйесі бекітілді. Онда келесі жылы да Қазақстан премьер-лигасында 12 команда екі кезеңнен тұратын чемпионатты өткізіп, бірінші кезеңнен кейін командалар екі алтылыққа бөлінетін және ұпайлары екі есе қысқаратын болып шешілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети