15 мамыр 2022 17:38

Футболдан Қазақстан чемпионы бас бапкерсіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Тобыл" ФК ©"Тобыл" ФК

Александр Москаленко футболдан Қазақстан чемпионы қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы KazFootball.kz порталы мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz


Александр Москаленко футболдан Қазақстан чемпионы қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы KazFootball.kz порталы мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Мұндай шешім қостанайлық команда сырт алаңда "Ақтөбеден" (1:2) жеңілгеннен кейін шығарылды. Жалпы Москаленконың жаттықтыруымен "Тобыл" биыл бір ойында ғана жеңіске жеткен. 

Еске салайық, 45 жастағы маман "Тобыл" тізгінін 2021 жылдың маусымында ұстаған еді. Оның жаттықтыруымен қостанайлық команда былтыр Қазақстан чемпионы атанып, биыл Қазақстан Суперкубогын иеленген. 

2022 жылғы маусымда "Тобыл" 11 кездесуден кейін 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орында келеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети