07 мамыр 2015 16:55

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Vesti.kz @Vesti.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жаңа тізім Халықаралық Футбол федерациясының арнайы сайтында жарияланды.


Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жаңа тізім Халықаралық Футбол федерациясының арнайы сайтында жарияланды.

Рейтингте Қазақстан 210 ұпаймен 134-ші орында тұр. Қазақстан құрамасы Сент-Люсия командасы 131-ші орынға көтерілгеннен кейін бір сатыға түсіп отыр. Қазақстан құрамасының Еуро-2016-дағы қарсыластары: Голландия алтыншы орында, Исландия - 38-ші, Түркия - 52-ші, Латвия - 85-ші орында, ал Чехия 19-ші орыннан 18-ге көтерілді.

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығы өзгеріссіз қалды. Германия құрамасы бұл тізімде 1687 ұпаймен көш бастап тұр, екінші орынға 1494 ұпаймен аргентиналық футболшылар орналасқан. Үштік тізімінде 1457 ұпаймен Бельгия командасы бар. ФИФА рейтингі 4 маусымда тағы жаңартылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 12 мамырда Алматы қаласында өткізеді. Команда Буркина-Фасо футболшыларымен кездеседі. Жаңартылған тізімде бұл команда 66-шы орында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети