02 қыркүйек 2014 18:57

Футболдан Қазақстан мен Испанияның ардагерлер құрамасы Алматыда жолдастық кездесу өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kff.kz ©kff.kz

Футболдан Қазақстан мен Испанияның ардагерлер құрамасы Алматыда жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ресми сайтына сілтеме жасап. 


Футболдан Қазақстан мен Испанияның ардагерлер құрамасы Алматыда жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ресми сайтына сілтеме жасап. 

Футболдан ардагерлер құрамасының кездесуі 21 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Қазақстан футбол федерациясы мен Испан корольдігі футбол федерациясының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Құрметті қонақ ретінде ойынға Құралбек Ордабаев, Михаил Гурман, Виктор Катков, Александр Мазманьян, Юсуп Шадиев, Виктор Абгольц және Қазақстан футболының басқа да ардагерлері шақырылған.

Испания құрамасы: Қақпашылар: Хуан Карлос Абланедо ("Спортинг" Хихон), Коке Контрерас ("Реал" Мадрид); Қорғаушылар: Айтор Лопес Рекарте ("Реал Сосьедад"), Йон Андони Гойкоэча ("Барселона"), Диего Родригес ("Севилья"), Роберто Фернандес ("Барселона"), Фернандо Гинер ("Валенсия"), Нандо Мартинес ("Валенсия"); Жартылай қорғаушылар: Висенте Энгонга ("Мальорка"), Луис Сембранос ("Барселона"), Виктор Санчес дель Амо ("Реал" Мадрид), Луис Милья ("Барселона"), Энрике Эстебаранс ("Барселона"), Эмилио Амависка ("Реал" Мадрид), Хавьер де Педро ("Реал Сосьедад"); Шабуылшылар: Маноло Санчес ("Атлетико" Мадрид) , Оливерио Хесус Альварес Гонсалес ("Реал Бетис"), Пьер Луиджи Керубини ("Реал Бетис"), Хуан Санчес ("Валенсия").

Қазақстан құрамасы: Қақпашылар: Юрий Новиков, Нұрлан Әбуов; Қорғаушылар: Қанат Мұсатаев, Ойрат Сәдуов, Қайрат Айманов, Марат Есмұратов, Сергей Жуненко, Алмас Құлшынбаев, Ерлан Елеусінов, Данияр Мұқанов, Руслан Гумар, Асқар Қожабергенов; Жартылай қорғаушылар: Вахид Масудов, Руслан Балтиев, Андрей Богомолов, Нұржан Доскеев, Талғат Байсуфинов, Файзулла Ордабаев, Тілеухан Тұрмағамбетов, Асхат Қадырқұлов, Ғани Қайназаров, Алексей Клишин, Роман Вороговский; Шабуылшылар: Қайрат Әубәкіров, Андрей Мирошниченко, Игорь Авдеев, Нүркен Мазбаев; Бас бапкер: Сеильда Байшаков. Бұл туралы толығырақ ақпаратты мына сілтемеден оқуға болады. 

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні оңтүстік астанамыздың Орталық стадионында "Қайрат" футбол клубының ардагерлері Әлем жұлдыздарының құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Әлем жұлдыздарының құрамасына Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло жетекшілік етеді. Олардың толық құрамы мынадай: Қақпашылар: Франческо Тольдо, Йенс Леманн. Қорғаушылар: Паоло Мальдини, Хавьер Дзанетти, Алессандро Костакурта, Кахабер Каладзе, Фабио Каннаваро, Кристиан Пануччи. Жартылай қорғаушылар: Сержиньо, Ривалдо, Луиш Фигу, Леонардо, Эдгар Давидс, Кларенс Зеедорф.
Шабуылшылар: Андрей Шевченко, Кристиан Вьери, Дуайт Йорк. Ал "Қайраттың" құрамында қандай ойыншылар өнер көрсететінін мына сайттан оқи аласыздар. Футболдан ардагер жұлдыздардың ойынына билет құны қанша тұратындығын осы сілтемеден білугe болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети