1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

Футболдан Қазақстан Суперкубогының матчы қашан және қайда өтеді

Фото: "Астана" ФК баспасөз қызметі Фото: "Астана" ФК баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан Суперкубогының матчы қашан және қайда өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өзінің ресми сайтында 2020 маусымындағы Қазақстан Суперкубогы өтетін орынды жариялады.

Жаңа футбол маусымын ашатын кездесу 29 ақпанда Қостанайдағы "Тобыл Аренада" өтеді. Суперкубокты елордалық "Астана" мен қызылордалық "Қайсар" сарапқа салады. 

Айта кетейік, 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша "Астана" Қазақстан Премьер-лигасында топ жарса, "Қайсар" ел Кубогын иеленген болатын. 

Қазақстанда күн суытады