08 шілде 2018 09:45

Футболдан Ресей құрамасы Хорватиядан жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан əлем чемпионатының жартылай финалына Хорватия құрамасы жолдама алды, деп хабарлады Vesti.kz. Сочидегі Фишт стадионында өткен ойында Хорватия Ресей құрамасын пенальти сериясынан 2:3 есебімен ұтты.


Футболдан əлем чемпионатының жартылай финалына Хорватия құрамасы жолдама алды, деп хабарлады Vesti.kz. Сочидегі Фишт стадионында өткен ойында Хорватия Ресей құрамасын пенальти сериясынан 2:3 есебімен ұтты.

Ойынның 31-минутында шабуылшы Артем Дзюбадан пас алған Денис Черышев өзіне кедергі келтіруге тырысқан Лука Модричті қапы қалдырып, асқан дәлдікпен айып алаңының сыртынан гол соқты. Есеп 1:0. Қақпашы Даниэль Субашич голдың қалай кіргенін аңдамай қалды. Себебі соққы дәл тоғыздыққа бағытталған еді.

Хорватия құрамасы 39-минутта есепті теңестіріп кетті. Қараусыз қалған сол қапталдан еркін өткен Марио Манджукич соққы бағыттауға дайындалып келе жатқан Андрей Крамаричке пас асырып, голдық пас жасайды. Жартылай қорғаушының басымен бағыттаған добы Игорь Акинфеев қақпасында тулады.

60-минутта Иван Перишич гол соғуға жақын болды. Қарбаласқан сәтте ұрымтал тұстан бағытталған соққы қақпа бағанына тиіп, алаң сыртына шығып кетті. Негізгі уақыт аяқталып, командалар экстра тайм ойнады. 101-минутта бұрыштамадан асырылған допты қақпаға бағыттаған Домагой Вида гол авторы атанды. Есеп 1:2.

Ал 115-минутта Ресейліктер айып добын орындап есепті теңестірді. Гол соққан – Марио Фернандес. Есеп теңесті.

Экстра таймдар нәтижесі бойынша да есеп тең болып, ойын пенальти сериясына ұласты. 120-минутқа созылған күрделі ойынның тағдырын гол соққан Марцело Брозович, Лука Модрич, Домагой Вида, Иван Ракитич шешіп кетті. Қақпашы Игорь Акинфеев 1 сэйв жасаған еді, алайда Марио Фернандес пен Федор Смолов өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Осылайша, Хорватия құрамасы ширек финалдық бәсекелерді тәмамдады. Енді жартылай финалда Франция-Бельгия, Англия-Хорватия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети