06 қараша 2021 09:39

Хави "Барселонаның" бас бапкері болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ФК "Аль-Садд"© Фото: ФК "Аль-Садд"©

Испания маманы Хавьер Эрнандес Креус (Хави) "Барселона" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы хабарлама клубтың Twitter-парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, клубтың жаңа бапкерімен келісім 2024 жылдың жазына дейін жасалған. Хави демалыс күндері Барселонаға келеді деп күтіледі, ал клуб 8 қарашада баспасөз мәслихатын өткізеді.

Бұған дейін "Барселона" бас бапкері Рональд Куман отставкаға кетті. "Барса" "Райо Вальеканодан" 0:1 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін голландиялық маман қызметінен кеткен еді.

"Барселонаның" бұрынғы футболшысы Хави қазір Катарда "Аль-Садд" командасын жаттықтырып жүр. Ол каталониялықтардың сапында 505 ойын өткізіп, 58 гол соққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети