28 қазан 2021 12:00

Бейсенбіде "Барселонаның" бас бапкері тағайындалады - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Хави "Барселонаның" бас бапкеріне басты үміткер, ал испан футбол клубы бейсенбіде келісімді аяқтауға дайын. Бұл туралы El Chiringuito TV мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Барселона" бас бапкерінің орны Рональд Куман отставкаға кеткеннен кейін сәрсенбіде босайды. Сәрсенбіде "Барса" "Райо Вальеканодан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды, осы матчтан кейін голландиялық маман қызметінен кетті.

"Барселонаның" бұрынғы футболшысы Хави қазір Катарда "Аль-Садд" командасын жаттықтырып жүр.

Еске салайық, Рональд Куман "Барселона" Испания чемпионатында "Райо Вальеканоға" қарсы ойында жеңілгеннен кейін бас бапкер қызметінен босатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети