15 қазан 2018 15:39

Қайрат Боранбаев Андрей Аршавиннің орнын кім басатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fckairat.com © fckairat.com

"Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Андрей Аршавинді кім алмастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Андрей Аршавинді кім алмастыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз Суарес пен Осовьедоны жұмыстан босаттық, олар команданың жиыны кезінде демалыс үшін қыздарды алып келген. Үш жыл бұрын "Қайрат" туралы ешкім де білмеді. Бізге имидждік қадам керек болды. Осы футболшылар өз үлесін қосты. 

Біз Аршавинге сенбедік, бірақ ол өзін көрсете білді. Қазіргі уақытта оны бүкіл Қазақстан қолдап отыр. Ресейде 42 мың жанкүйер оны көруге келді. Осылайша, біз бір оқпен екі қоян алдық. 

Біз әзірге оның болашақта "Қайраттағы" мансабы туралы сөйлеспедік. Егер ол жалғастырамын десе, қалай болатынын ақылдасқан жоқпыз. Исламхан және басқа да қазақстандық футболшылар оның орнын басады", - деді Боранбаев. 

Осыған дейін "Қайрат" басшысы команданың бас бапкері Карлос Феррераны жұмыстан босатып, оны уақытша алмастыратын адамды таныстырды. 

Айта кетейік, Аршавин "Қайрат" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Алматылық командамен бірге ол Кубок және Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети