14 шілде 2016 23:43

"Қайрат" футбол командасы "Маккабимен" тең ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

maccabi-tlv.co.il maccabi-tlv.co.il

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Тель-авивтің "Маккаби" командасымен болған матчта тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Есеп - 1:1.


Алматылық "Қайрат" футбол клубы Тель-авивтің "Маккаби" командасымен болған матчта тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Есеп - 1:1.

"Қайрат" командасының футболшылары бірінші таймда басымдылық көрсетті. Олар қарсыласының қақпасына сегізінші минутта доп салған еді, алайда Жерар Гоудың офсайд жасағаны белгілі болды. Осыдан кейін бразилиялық жартылай қорғаушы екі адамды алдап өтіп, айып алаңында құлаған еді. Бірақ төреші оған айып добын белгілеген жоқ.

"Қайрат" командасының келесі шабуылы голмен аяқталды. Қорғаушы Жарко Маркович Гоуға пас берді. Гоу болса допты Андрей Аршавинге беріп, нәтижесінде Аршавин матчта есеп ашты. Айта кетейік, ресейлік жартылай қорғаушы үшін бұл биылғы Еуропа лигасындағы екінші гол болып отыр.

Бұдан кейін "Маккаби" командасының футболшыларында есепті теңестіруге зор мүмкіндік болған еді. Алайда, португалиялық футболшы Орланду Са "Қайрат" командасының қақпашысы Владимир Плотниковтан айласын асыра алмады.

Ойынның екінші таймында толассыз жауған жаңбыр ойыншыларға кедергі келтірді. Айта кетейік, 66-шы минутта "Маккаби" командасының зор мүмкіндігі болды. Бірақ ойынның қалған уақыты футболшылардың алмасуымен өтті. "Қайрат" командасынан Аршавин кетсе, "Маккаби" командасына ағылшын премьер-лиганың тағы бір бұрынғы ойыншысы Йосси Бенаюн қосылды. Бенаюнның арқасында қосымша уақыт ішінде "Маккаби" командасы ойын есебін теңестірді.

Осымен ойын аяқталған сияқты болғанымен, "Қайрат" командасының тағы бір голды салуға мүмкіндігі бар еді. Бірақ Гафуржан Сүйімбаевтың голы ереже бұзғандықтан саналмады. Енді қарымта ойын Израильде 21 шілдеде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети