03 наурыз 2015 16:43

"Қайрат" командасының жаңа маусымдағы капитаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Исламхан. ©"Қайрат" ФК сайты Бауыржан Исламхан. ©"Қайрат" ФК сайты

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жаңа маусымда алматылық "Қайраттың" капитаны болады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жаңа маусымда алматылық "Қайраттың" капитаны болады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл кандидатураны алматылық клубтың бас бапкері Владимир Вайсс таңдады. Оның айтуынша, Исламханның мінез-құлқы сыпайы және оның бойында көшбасшылық қасиет бар.

Айта кетейік, 23 ақпанда Бауыржан Исламхан 22 жасқа толды. Ол өткен маусымды да "Қайраттың" капитаны болып аяқтаған еді. Сонымен қатар, ол 1 наурызда өткен Қазақстан Суперкубогы үшін болған матчта алматылық команданы "Астана" командасына қарсы ойынға алып шықты. Алайда "Қайрат" командасы пенальтилер сериясында жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, 7 наурызда өтетін футболдан Қазақстан премьер-лигасының алғашқы турында "Қайрат" Алматыда қостанайлық "Тобыл" командасымен ойнайды. Матч 17.00-де басталады. Бірінші турдың өзге де ойындарының кестесімен мына жерден танысуға болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети